Париж - 2024: Әлішер Ерғали еркін күрестен ширек финалға өтті
Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мұстафа Элдерсті тізе бүктірді.
97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Осылайша айқын басымдылықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды.