Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын Э. Таниева мен Б. Төлеуғали алып шықты

Парижде Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Думанды кеш 80 мың адам сыятын «Стад де Франс» стадионында ұйымдастырылды. Шараның көркемдік жетекшісі – француз театрының режиссері Томас Жолли. Кешке әлемдік шоу-бизнес өкілдері де шақырылды.

Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали алып шықты. Ал Олимпиада эстафетасы Америка Құрама Штаттарына өтті. Себебі келесі ойындар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді.