Паралимпиада-2024: ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар

Жақын арада Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталады.

Халықаралық жарысқа 6 елдің құтқарушылары қатыспақ. Чемпионат 4 бағыт бойынша өтеді. Олардың екеуі жеке біріншілік болса, екеуі – командалық сайыс.

Паралимпиада-2024: ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар

Төрткүл дүниені тік тұрғызып, теледидарға телмірткен 4 жылдықтың басты бәсекесі де өз мәресіне жетті. Тағы бір еске сала кетейік, Парижде өткен XXXIII Олимпиадада еліміздің спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде олжалап, командалық есепте 43-ші орынды иеленді. Енді алда Паралимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Ерекше жандар арасындағы дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Қазақстан қоржынында спорттың 9 түрінен 33 лицензия бар. Атап айтар болсақ, пара дзюдодан 10, пауэрлифтингтен 5, пара жеңіл атлетика, жүзу және таеквондодан төртеуден бар. Ал пара каноэ мен оқ атудан 2 лицензиядан, ал отырып ойнайтын волейбол мен үстел теннисінен бір-бір жолдамадан бар.

Айта кету керек, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль, яғни 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде еліміз жалпыкомандалық есепте 48-ші орыннан көрінді.

 

Демеу Жадыраев бапкерлік қызметке кете ме?

«Демеу Жадыраевтың бапкерлікке кеткені дұрыс шығар». Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко Kazinform тілшісіне берген сұхбатында осылай деді. Ол: «Демеу – жасы келген спортшы. Оған спорттағы мансабын аяқтап, тәлімгер немесе қандай да бір спорттық ұйымның басшылығына кету қисынды деп ойлаймын. Оның зейіні мен патриоттық деңгейі өте жоғары», – деді. Сондай-ақ бас бапкер елде  Жадыраевтың орнын басатын жастар көп екенін атап өтті. Күреспен айналысатындардың саны аз емес. «Сол санды сапаға айналдыру керек», –  деді даңқты спортшы.

 

Е. Сметовтің әлемдік рейтингтегі орны жаңарды

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді. Sports.kz порталының мәліметінше, қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алғанға дейін Халықаралық дзюдо федерациясының әлемдік рейтингінде 22-ші орында болған. Ал қазір 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған кестеде жерлесіміз бірден 17 сатыға көтеріліп, 5-ші орынға жайғасты.

 

Теңге ілушілер тас түйін дайын 

Теңге ілуден V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды. Ең үздік 6 теңге ілуші күзге салым өтетін дүбірлі додаға тікелей лицезния беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшылар «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стильдері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде Бекнұр Серіков, Бақыт Төлтай, Рахат Қамбаров байрақты бәсекеге жолдама жеңіп алды.

Еске сала кетейік, теңге ілуден V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Бақыт Төлтай, теңге ілуден ұлттық құрама мүшесі:

- Көшпенділер ойындарын күтіп жүргенімізге біраз уақыт болды. Қазақстанның намысын қорғап, бірінші орын алуға тырысамыз. Жақсы дайындық 2 мезгіл болып жатыр. Таңертең, түсте атпен 2 мезгіл жаттығу істейміз.

Бекнұр Серіков, теңге ілуден ұлттық құрама мүшесі:

- Негізі мен дзюдо күресімен айналысатынмын. 6 жылдай дзюдомен айналысып, қатты жарақат алып, одан кейін ағам қатысты ат спортына, сол ағамның артынан келдім. Көшпенділер ойындары Қазақстанда өтетіндіктен, мен үшін ол – үлкен жарыс. Өзіміздің елде болғандықтан, көк туымызды желбіретуіміз керек.