М. Айтжанов бастаған бокстағы 10 бапкер қызметінен босатылды

Бокстан ұлттық құраманың ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстан бокс федерациясының тиісті шешімі спорт және дене шынықтыру істері комитетімен мақұлданды. Осылайша, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман және Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. «Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», – делінген хабарламада.