Премьер-министр Паралимпиадаға қатысушыларға Мемлекеттік туды табыстады

Бірер күннен соң Париж төрінде Паралимпиада ойындары басталады.

Байрақты бәсеке алдында Премьер-министр Олжас Бектенов спортшылармен кездесті. Дүбірлі додада көк байрағымызды отырып ойнайтын волейболдан, Қазақстанның он дүркін чемпионы Берік Ізмағанбетов пен пара оқ атудан ел біріншілігінің жеңімпазы Севда Алиева алып шығады. Үкімет басшысы қос спортшыға мемлекеттік туды салтанатты түрде табыс етті. Айта кетейік, жазғы Паралимпиада ойындарына бас-аяғы 44 жерлесіміз қатысады. Олар спорттың 9 түрінен жиыны 33 лицензия жеңіп алды. Ал спорттық бәсеке 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париж төрінде өтеді. "Паралимпиада, бұл жай ғана спорт емес, бұл адам бойындағы қайсар рух пен шексіз ерік-жігердің шынайы көрінісі. Елімізге жоғары нәтиже, жаңа жүлдемен оралатындарыңызға сенімдіміз", - деді Олжас Бектенов. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі

Бауыржан Сартаев, отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама капитаны