Қазақстан - Норвегия матчына дайындық жүріп жатыр

Қазақстан - Норвегия матчына дайындық жүріп жатыр

Командада 28  жігіт бар. Оның 8-і шетелде доп тебеді.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Қазақстан-Норвегия және Қазақстан-Словения матчтарына қатысушылардың тізімін жариялады. Оның ішінде 30-ға жуық жігіт бар. Отандық клубтардың үздіктерінен бөлек, ресейлік «Зенит» сапындағы Нұралы Әліп, «Шинник» сапындағы Лев Скворцов және «Камаз»клубында ойнайтын Талғат Құсяповтар арнайы шақырту алды. Бұған қоса, тізімде даниялық «Силькеборг» клубындағы Рамазан Оразов, түркиялық «Бешикташ» командасындағы Бақтиер Зайнутдинов, беларусьялық «БАТЭ»-де өнер көрсететін  Оралхан Өміртаев сияқты футбошылар да бар. Ел намысын қорғайтын жігіттер 1-ші қыркүйек күні Алматыға жиналуы қажет. Ал, Ұлттар лигасы аясындағы алғашқы матч 6-шы қыркүйекте болады. Осы күні біздің жігіттер Норвегия командасын қабылдайды. Ал, 9-шы қыркүйек күні Любляна қаласына аттанып, Словения құрамасымен жолығады.

Астаналық өрендер респуликалық жарыста топ жарып, ел үздігі атанды. Оларды елордада ата-аналары және бапкерлері чемпиондарға лайық ерекше құрметпен қарсы алды.

2013  жылы дүниеге келген, яғни 10 жастағы балалардың бәсекесі Ақтөбе қаласында өтті. Оған бас-аяғы 15 команда жиналған болатын. Айта кету керек, дәл осы жас деңгейінде алғаш ресми Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Биылғы бәсекенің финалына осы астаналық және қостанайлық командалар шықты. Тарысты өткен мачта елордада5ы №8 спорт мектебінің шәкіртері  жеңіске жетті. Үздік үштікті қарағандылық команда түйіндеді. Ринат Әбжаппаров және қанат Сапаров баптайтын өрендер енді сәл тынығып, қайтадан дайындыққа кіріседі. өйткені, жыл соңғына дейін тағы бірқатар маңызды жарыстар бар.

Арафат Рысбай, жарыс жеңімпазы:

- Еркебұлан Жомарт, №8 спорт мектебі директоры міндетін атқарушы:

Бибісара Асаубаева әлемдік гран-приде жүлдеге ілікті. Отандасымыз Грузия астанасы Тбилисидегі шахмат бәсекесіне қатысып, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда үндістандық Вейшали Рамешбабумен  тең түсті. Соның арқасында жалпы  ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан польшалық Алина Кашлинска қарсыласын ұтып, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.  

Айта кетейік, Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті, сосын 7-турда Александра Костенюкті  ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан. Бибісара бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Көкпармен қатар көкбөріден де үздіктер анықталады. Дүниенжүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына қырғыз елінің ұлттық спорты қосылды. Бұл жөнінде байрақты бәсекені ұйымдастыру дирекциясы басшысының орынбсасары Мұратбек Қыпшақбаев мәлімдеді. Көкпар мен көкбөрі ойындары бір алаңда, яғни, елорда іргесінде «Қазанат» ипподромында болады. Бірақ әр бағыт бойынша бөлек медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Айта кетейік, о баста Астанадағы әлемдік аламан бағдарламасында тек көкпар ғана болған. Тараптар арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін 21-спорт ретінде осы көкбөрі тіркелді.