Ерекше форматтағы марафон-бәйге. LIVE
Ертең Ұлы дала жорығы басталады. Аламан бәйгенің сөресі – адам баласы жылқыны ең алғаш қолға үйреткен Ботай қонысы. Мәресі – Астана.
Бұл жолғы додаға исі қазақ қана емес Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырғызстан, тіпті Оңтүстік Африка Республикасынан келгендер де бар. Ұлы дала жорығы алдындағы аужайды, ат айдаушылармен бірге жүрген әріптесім Аслан Қаженовтен білейік.
Әлимұрад Нижод, Иран командасының мүшесі:
- Біздің елде де алыс қашықтыққа шабатын жарыстар бар. Бұған қоса, осындай үлгідегі халықаралық додаларға қатысып жүрміз. Бұл жолы арнайы Қазақстандағы ұлы дала жорығына келдік. Айтпақшы, осы жақта ауа райы суықтау екен. Алайда бұл жағдай бізге кедергі болмау керек.