Бүгін "Ұлы дала жорығы" басталады
Дәл қазір "Ұлы дала жорығы" басталады. Бәйге аттары, шабандоздар мен ат айдаушылар бұған дейін Айыртауға жетіп, аламан бәйгеге дайын отырғанын айтқан едік.
Сөйтіп, 500 шақырымдық жорық жылқыны алғаш адам қолға үйреткен ежелгі мекен – Ботай қонысынан бастау алмақ. Бұл жолғы додаға Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырғызстан, тіпті, Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздар да бар. Осы бәйге аттарына ілесіп, біздің тілшіміз Аслан Қаженов те жолға шыққан еді. Ол да 5 күн бойы қона жүріп, күні бойына хабар таратады.
Аслан Қаженов, тілші: