«Ұлы дала жорығы» басталды. LIVE
Бүгін ежелгі Ботай қонысынан «Ұлы дала жорығы» басталды.
Аламан бәйгеге Түркия, Венгрия, Татарстан, Қырызстан, тіпті, Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздар бар. Африкалықтар ол жақта да қоңырсалқын болып тұрады. Сондықтан, климатқа үйренісу қиын емес дейді. Висман Нел бастаған қыз жігіттер бүгін жарысқа араласты. Тіпті, жүлдеге ілігуден де дәмесі бар.
Африканың оңтүстігінен келген шабандоздар туралы әріптесім Аслан Қаженовтан сұрап білдік.
Висман Нел, Оңтүстік Африка республикасы командасының капитаны:
- Қазақстанда осындай форматтағы жарыс барын осыдан екі ай бұрын түркиялық әріптестерімізден білдік. Біз бұған дейін Моңғолияда өткен бәйге марафонына қатыстық. Оның қашықтығы мың шақырым болады. Бірақ, оны жеті күнде бағындыруың қажет. Ал енді Қазақстандағы айтулы аламанда бақ сынап көргіміз келеді.