«Ұлы дала жорығының» ең жас қатысушысы – Диана. LIVE

Бүгін - «Ұлы дала жорығының» екінші күні. Күні бойы тақым қысып, атқа шауып жүрген ер азаматтардың қатарында қыздарымыз да бар.

Солардың бірі тақауда ғана 18-ге толған ару, осы марафон-бәйгенің ең жас шабандозы – Диана Қамбарқызы.

Диана маңғыстаулық команда сапында бақ сынайды және осы бес күнде өз күшімді көрсеткім келеді дейді. Жас та болса, бойында батылдық біткен бойжеткенмен әріптесім Аслан Қаженов тілдесіп, тікелей эфирге қосылды.

Бүгін кезекті жарыс күні басталды. Командалар қашан жолға шығады. Қанша шақырымды бағындырады және қай жерге барып тоқтайды?

Аслан Қаженов, тілші