Идил Дуран: Қазақ халқы бізді өз туғанындай қарсы алып жатыр
Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін автобуспен Түркиядан шыққан саяхатшы отбасы Астанаға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Елорда әкімдігі ерлі-зайыпты меймандар Бурак Дуран мен оның жары Идил Дуранды күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті. Бурактың айтуынша, көшпенділер ойындары – түркі халықтары үшін өте маңызды оқиға. Сондықтан көне заманнан қалған ортақ мұраны дәріптеп, көрсеткісі келеді. Идил де қазақ жеріне табан тірегеніне шексіз риза.
Идил Дуран, жиһангез:
- Түрік әлеміне саяхаттау арманымыз еді. Қазақстанда көпшенділер ойындары өтетінін естігенде бірден жолға шықтық. Біздің ойымызша, көшпенділер ойындары әлемдік Олимпиада қатарында болуы керек. Біз түркі елдеріне жалпы алғанда жаһан жұртына бұл ойындардың қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Астанаға келуіміздің бірден бір себебі де осы.
Бурак Дуран, жиһангез:
- Қазақ халқы бізді өз туғанындай қарсы алып жатыр. Сапар кезінде бәрі бізге іні, аға ретінде қол ұшын созып, көмектесті. Сол үшін өте қатты ризамыз.