Қарағандыда журналист Ардақ Қабыхановты еске алу турнирі өтті
Қарағандыда журналист, «Ақпарат саласының үздігі» Ардақ Қабыхановты еске алуға арналған дойбы мен шахматтан ашық турнир өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оған 40-тан астам масс-медиа өкілдері қатысты. Ардақ Қабыханов отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, көп жыл бойы «Хабар» агенттігінің Қарағанды облысындағы тілшілер қосынын басқарды. Республикалық арнада бірталай түйткілді мәселе көтерді. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Хабар» агенттігінің арнайы жүлдесіне ие болды. Байрақты бәсеке енді дәстүрге айналып, жыл сайын өтпек.
Бекзат Алтынбеков, меценат:
- Қазақ халқында «жақсының аты өлмейді» деген ерекше сөз бар. Сондай жақсы азаматтардың қатарында ерекше көрінген, қазақ журналистикасында өзіндік есімін қалыптастырған Ардақ Қабыхановты еске алу турнирі бұл азаматқа деген, оның аруағына деген шексіз құрмет пен сағыныштан туындап отырғаны ақиқат. Жалпы өткеннен кейін өкініш жүрегімізді ауыртатыны ақиқат. Дегенмен де, біз өкінішсіз өмір сүрсе екен, біздің қазақ журналистикасының азаматтары ауыр жүк көтеріп жүреді. Жүрекке салмақ салады. Сондықтан ерте кетіп қалады.