Көшпенділер ойындары өтіп жатқан этноауылда 70 киіз үй тігілген
Көшпенділер ойындары өтіп жатқан этноауылда барлығы 70 киіз үй тігілген, деп хабарлайды 24kz.
Оның 3-еуі Алматы облысының делегациясына тиесілі. Әсіресе, іші заманауи үлгіде жасалған киіз үй көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Онда Алматы облысының табиғаты мен Қонаев қаласының ерекшеліктері LED экрандар арқылы көрсетілген. Әрі ортасында Есік қаласы маңынан табылған Алтын адам тұр. Сондықтан шығар күніне 3 мыңға жуық адам кіріп шығады.
Қыдыр Нұрғожа, Алматы облысының өкілі:
- Кірген адамдарға біздің қызметкерлер 3 тілде жұмыс істейді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Бұл жерде Алматы облысы әкімдігі, мәдениет басқармасы сонымен қатар музейлер бірлестігінен келіп отырмыз. Тек 3 киіз үймен шектелген жоқпыз. Киіз үйдің алдында өнерпаздар күнде өз өнерлерін көрсетеді. Айтыс жүріп жатыр. Бүркіт, саятшылық насихаттайтын 7 қазына келіп отыр. Бүркіт, тазыларымен.