Сенат Төрағасы спортшыларға қолдау көрсетті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жамбы ату сайысының финалдық кезеңін тамашалап, қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді.

Палата Спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спортты және тарихи мұраны дәріптеуде айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Дүбірлі додада спортшылар жамбы атудың төрт түрі бойынша сынға түсіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, олар корея, түрік, мажар және қазақ стилі бойынша бақ сынайды. Аталған спорт түрінен 27 елден келген 78 мерген чемпиондық атақты сарапқа салады. Жалпы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2 800 спортшы қатысып жатыр. Жоба қолға алынғалы алғаш рет барлық құрлықтан қатысушы келді.