Көшпенділер ойындары: құсбегілердің жарысы басталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік бойынша жарыстар басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін этноауылда сайыстың іріктеу мен жартылай финалдық кезеңдері өтеді. Ал ертең спортшылар араларындағы мықтыны анықтайтын болады.

Айта кету керек, жаһандық жарыста ел намысын 9 отандасымыз қорғайды. Бұл жолғы додаға қатысуға ниет білдірген мемлекеттердің саны едәуір артқан. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Қырғыз Республикасы, Ресей, Моңғолия, Испания, Канада, Венгрия, Қытай, Грузия және Түркиядан барлығы 42 құсбегі келген. 3 санатта 18 бүркіт, 12 сұңқар және 12 қаршыға жарысқа түседі.

Берік Уәли, Республикалық Құсбегілік федерациясының президенті

- Жыл бойы өзімізде ұйымдастырылатын ішкі жарыстарымыз бар, Қазақстанның біріншіліктері. Әр облыста өтіп отырады. Жылдың басында бекітілген кестеміз бар. Соның жеңімпаздары қатысып отыр. Біз енді үлкен сеніп артып отырмыз. Өйткені өз елімізде, өз жерімізде өтіп отырғаннан кейін бас жүлдеден үміткерміз.