Көшпенділер ойыны: ұшқыр бәйгенің жеңімпазы анықталды

Бүгін көшпенділер ойындарында айтулы аламан бәйге басталды, деп хабарлайды 24kz.

Алдымен жарыс жолына қысқа қашықтыққа құстай ұшатын тұлпарлар шықты. 1600 метрлік ұшқыр бәйгеде Қазақстандық Арлан тұлпары топ жарды. Тұрғанжан Юлдашев баптаған ат мәреге бірінші жетті. Күміс медаль Нұржігіт Табылдиев дайындаған Шағалаға бұйырды. Үздік үштікті Асланбек Байкенов баптаған Фат Ир атты тұлпар түйіндеді. Жалпы көшпенділер ойындарындағы ат жарысына Қырғызстан елінен де бірнеше жүйрік қосылды. Алатаудың арғы бетінен келген жұрт бұл сайысқа 18 ат әкелді. Оның ішінде ұшқыр бәйгеге 5 ат, аламан, жорға және топ бәйгеге 4 ат, құнан бәйгеге 1 ат шабады.