Құнан мен топ бәйгеден қазақ атбегілері алтын алды

Бәйгеден Қазақстан қоржынына тағы 2 алтын түсті, деп хабарлайды 24kz.

11 шақырымдық құнан бәйгеде Біржан Шаймерденовтің Қамысқұлақ атты жүйрігі алдына қара салмады. Ал топ бәйгенің жеңісі Сержан Бақтыбай тақымдаған Холибойға бұйырды. Қазір бәйге өтіп жатқан алаңнан арна тілшісі Әлішер Әли тікелей байланысқа қосылды.