Параканоэден Қазақстанның ашық кубогі басталды
Түркістанда параканоэден Қазақстан Республикасының ашық кубогы басталды.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы жарыс қаладағы олимпиадалық талапқа сай салынып жатқан жаңа кешенде жалауын көтерді. Жарыстың ашылу салтанатына Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Параканоэ спорты Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Түркістан облысы елімізде параканоэ спортын дамытуды алғашқылардың бірі болып қолға алып отыр. Сайысқа еліміздің 5 өңірімен қатар, көршілес Өзбекстаннан да спортшылар қатысып, бақ сынауда. Қазақстан мен Өзбекстанның спортшылары 200 метр қашықтыққа жарысатын болады. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының атлеттері мәре сызығын бірінші кесіп, мықтылығын дәлелдеді. Байрақты бәсеке 19 қыркүйекке дейін жалғасады.