Футзал: Қазақстан мен Португалия арасындағы матч 26 қыркүйекте өтеді

«Есе қайтаратын кез келді».Бұл сөзді футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттері айтты. Қазір Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңі басталуға жақын.

Қазақстан мен Португалия арасындағы матч 26 қыркүйекте Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтеді. Екі мықты бұған дейін 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен болатын. Үш жыл бұрын португалдар пенальти сериясында жеңіске жетті. Финалда олар Аргентинадан айласын асырып, әлем чемпионы атанғаны белгілі. Дәл қазір Әндіжаннан тікелей эфирге футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз қызметінің өкілі Сейіл Қожатай қосылды.

- Енді әлем чемпионаты басталған сәттен ұлттық құраманың қасында жүрсіз ғой. Жігіттердің аяқ алысы қалай? Қандай үміт бар?

- Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен ойсырата жеңдік. Бірақ бас бапкер Пауло Рикардо Кака бұл нәтижеге риза болмады. Керісінше, біз оданда көп гол соға алатын едік деді. Бұған не дейсіз?

- Осы ойында Арнольд Кнауб Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем чемпионатындағы алғашқы пента-трик авторы атанды. Қазір үздік бомбардирлер арасында 5-орында тұр. Бұйырса, үздік бомбардир деп санай аламыз ба? Ойынға қарап?

- Чемпион болу үшін чемпионды ұтуымыз керек. Солай ғой… Португалиямен болатын маңызды ойынға дайындық барысы қалай боп жатыр?

- Лео қатыспайды, солай емес пе? Қызыл қағаз үшін орнын кім басады?

- Қазақстан футзал бойынша әлемдік рейтингтегі үздіктердің 10-дығына кіреді. Аталған тізімде бірінші орынға шығып, әлем чемпионатында жеңіске жету үшін не қажет?

Спикер: Сейіл Қожатай, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз қызметінің өкілі.