Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Дзюдодан әлем чемпионаты басталды.

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбіреді. Әлемнің үздіктері анықталатын байрақты бәсекеге 67 мемлекеттен 574 спортшы келген. Оның ішінде 18 спортшы ел намысын қорғайды. Бүгін жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 60, 66, ал бұрымдылар арасында 48, 52 келіде белдесулер өтеді. Бұл салмақтарда Қазақстан атынан 2 спортшыдан татамиға шығады. Дәлірек айтсақ 60 келіде қарағандылық Алдияр Қарғұлов алғашқы кездесуін франция спортшысына қарсы өткізеді. Ал осы салмақтағы былтырғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Талғат Орынбасар бірінші айналымда бос. 66 келіде Ақылжан Жұбатқан жарысты екінші айналымнан бастайды, ал Мағжан Әлжанов бразиялықпен иық тірестіреді. Ал аруларымыздан татамиға 48 келіде Тасним Абдуали, Сабина Юлдашбекова, 52 келіде Аружан Ережепова және Аяулым Қайрат шығады. Жарыс 6-шы қазан күні аяқталады.