М. Шамшадин бастаған спортшылар Әбу-Дабидегі Grand slam турниріне қатысады
Айтулы дода 11-13 қазан күндері Әбу-Дабиде өтеді.
Оған 33 елден 222 спортшы қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 12 спортшы аталған турнирге аттанады. Атап айтар болсақ 60 келіде ел намысын Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов, 66 келіде Әділбек Берікұлы 73 келі де Дархан Қойбағар мен Ермек Амангелді, 81 келі Жалғас Қайролла мен Руслан Мұсаев, 100 келіде Әділет Сапарғалиев және аса ауыр салмақта Мәди Еділбаев қорғайды. Ал әйелдер арасында 63 келіде Есмигүл Куюлова, + 78 келіде: Назгүл Маратова Карина Такиева байрақты бәсекеде белдеседі.