Жамбы атудан жарыс аяқталды
Жамбы атудан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды.
Орал қаласында өткен мергендер сайысында 9 облыстан жиналған 20-ға жуық жас жамбы атушы 4 күн бойы кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде Азия стилінде қызылордалық Пернебай Ақәділ алтыннан алқа тақты. Ал түркістандық Үсен Ақберен күміс алса, қола жүлде маңғыстаулық Өсербай Марленге бұйырды. Қалған мажар, жамбы, түркі стилдерінде түркістандық Үсен Ақберен топ жарды.