Черногорияда жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. LIVE
Біздің жігіттер жекпе-жекке шықпай-ақ жеңіп жатыр. Черногорияның Будва қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін ұлттық құрама капитаны 67 келідегі Төрехан Сабырхан жергілікті боксшымен жұдырықтасуы керек еді. Қарсыласы жекпе-жектен бас тартып, Төрехан автоматты түрде келесі кезеңге өтті. Дәл сондай жағдай 51 келідегі Бексұлтан Боранбекте те қайталанды.
Төрехан Сабырхан, ұлттық құрама капитаны:
- Қарсыласымның жарақатына байланысты жекпе-жек болған жоқ. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Алла қаласа, келесіге жақсылап «настрой» құрамын, келесі қарсыласым қазір шығады. Соның жекпе-жегін тамашалап, Алла қаласа, осал жерін қарап ағай екеуміз, келесі жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып, аттай боп шығамыз.