Астанада «Қазақстан барысы» турнирі өтіп жатыр

Биыл 13-мәрте өтіп жатқан Қазақстан барысы республикалық турнирінің екінші айналымы жалғасып жатыр.

Іріктеу кезеңнен сәтті өткен 32 балуан бағы мен бабын сынауда. Ең ауыр салмақта өткен жылдың күміс жүлдегері Нұрдаулет Жарылғапов пен Алматы облысының жас балуаны Мәди Еділбаев өнер көрсетіп жатыр. Сайыстан 90 келіден жоғары бозкілем шеберлері күресіп жатыр. Түйе балуандар бәсекесінде кімнің шоқтығы биік тұр?

Дильназ Тұрғазыева, тілші