Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде жерлесіміз қарсылас шақ келтірмеді.

97 келіге дейінгі салмақта белдескен Ризабек финалда ирандық Махди Морафамен белдесті. Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталды, алайда соңғы ұпайды Ризабек еншіледі. Ал екінші кезеңде жерлесіміз 6:2 есебімен алға шықты. Артынша есепті 10:4-ке жеткізді. Сөйтіп 11:6 есебімен жарыс жеңімпазы атанды. Ал іріктеу кезеңдерінде ол Канада, Беларусь, Ресей балуандарын ірі есеппен ұтты. Айта кетейік Ризабек Айтмұқан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын. Ол бір айдан астам уақыт ішінде екінші рет әлем біріншілігінде топ жарып отыр.

Премьер-лига: "Қайрат" бірінші орынға көтерілді 

«Қайрат» бірінші орынға көтерілді. Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Алматылық команда Талдықорғанның Жетісуымен кездесті. Ойын барысында талдықорғандық команда алғашқы болып есеп ашты. Оны 3-минутта команда капитаны Серікжан Мужиков өзінің еншісіне жазды. Ал ойынның 23-минутында «Қайрат» сапынан Александр Мартинович таразы басын теңестірсе, 91-минутта Офри Афад жеңіс голын соқтын. Осылайша Қайрат қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Енді олар 2 қараша күні Ордабасымен, 10-ы күні Атыраумен кездеседі.

"Семей" мен "Қайрат" чемпиондар лигасының элиталық раундына шықты  

«Семей» мен «Қайрат» чемпиондар лигасының элиталық раундына шықты. Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының қорытынды турында Қазақстан чемпионы «Семей» Венгрияның «Халадаш» клубын кездесіп 6:1  есебімен ұтты. Бұл матчта «Семей» сапынан бірінші голды Феррао соғып, ойынның нүктесін де өзі қойды. Ал Алматы ұжымы азулы «Спортингтің» әуселесін байқап көрді. Матчтың есебін қонақтар ашты. Бірінші таймда Тайнан мен Гильерме мергендігімен көзге түссе, алаң иелерінің сапынан Кевин Арриета бір голмен жауап қайтарды. Екінші кезеңде Алиссон таразы басын теңестірсе, кейіннен қақпашы Деннис жеңіс голын соқты — 3:2. Элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 31 қазанда, ал кездесулер 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.

Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан Барысы" атанды

Ерасыл Қажыбаев Қазақстан барысы атанды. Елордада, Республика күніне орай 13-ші республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Айтулы додаға еліміздің түкпір түкпірінен іріктелген ең мықты 42 балуан қатысты. Финалдық сайыс Абай облысының боз кілем шебері Ерасыл Қажыбаев пен шымкенттік шаһарының намысын қорғаған Ерсұлтан Мұзаппаров арасында өтті. Белдесу Ерасылдың жеңісімен аяқталды. Сөйтіп ол 13-ші рет өтіп жатқан турнирдің жеңімпазы атанды. Ерсұлтан Мұзаппров екінші, ал үздік үштікті тағы бір Абай елінің өкілі Саят Шәмшиев түйіндеді.

Ақтөбеде дзюдодан ел чемпионаты өтеді

Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері қалдағы «Қоныс» спорт кешенінде болады. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде. Жарыс қорытындысы бойынша жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады. Төрт күнге жоспарланған чемпионатта ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай-ақ аралас командалық сайыс та өтеді.