Алматыда Г. Бельгердің туған күніне орай тоғызқұмалақтан турнир өтті
Жазушы-публицист, аудармашы Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойына орай Алматыда студенттер арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті, деп хабарлайды 24KZ. Жарысқа 70-ке тарта студент қатысып, бақтарын сынады. «Мәдени құндылықтар ұлттың басын біріктіреді», – дейді шара ұйымдастырушылары. Тоғызқұмалақ турнирінің ұлты неміс болса да, қазақты жанымен сүйген Герольд Карлұлының мерейтойына орайластырылуы сондықтан.
Айта кетейік, жазушының мерейтойы қарсаңында жарияланбаған шығармалары кітап болып жарық көрді. Сондай-ақ пошта маркасы айналымға шықты. Ал бүгін неміс театры Герольд Бельгердің «Кішкентай патша» шығармасын сахналайды.
Әкім Тұрсын, Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті:
- Былтыр Алматы қаласы Дүниежүзі бойынша тоғызқұмалақтың ордасы, астанасы деп белгіленген. Осыған байланысты тоғызқұмалаққа байланысты түрлі шаралар осы Алматы қаласында өтіп жатыр. Тоғызқұмалақты дәріптеу ары қарай, әрбір істе, әрбір осындай мерейтойларда ұлттық құндылығымыз қатар жүрсін деп, біздің федерация тарапынан әрқашан да қолдауға дайынбыз. Әрқашан да осындай шараның өтуіне мүдделіміз.