Боксшы Елянұр Тұрғанова – әлем чемпионы

Боксшы Елянұр Тұрғанова – әлем чемпионы

Елянұр Тұрғанова – әлем чемпионы. Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кеше қазақтың қы-жігіттер 3 бірдей алтын жүлде жеңіп алып, отандық бокс тарихын жаңғыртқан болатын. Атап айтқанда, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев және Аружан Зейноллаева алтынға қол созды. Бүгін осы жеңіс жолын 50 келідегі Елянұр Тұрғанова жалғады. Ол финалда ирланиялық боксшыны жеңіп, қоржынымызға төртінші алтынды салды.

Бұған дейінгі ең жоғарғы көрсеткішіміз 2 алтын болатын. Оны ұлттық құрама өкілдері 2018 жылы Будапештте өткен әлемдік аламанда тіркеді. Ал Будва қаласындағы дүниежүзілік додада 4 бірдей спортшымыз чемпион атанып, рекорд жасап отыр. Бұл көрсеткіш әлі де артуы мүмкін. Өйткені қазір шаршы алаңға 66 келідегі Ұлдана Таубай, 51 келідегі  Бексұлтан Боранбек және 71 келідегі Өнер Сейілхан шығып, финалдық айқастарын өткізеді.