Спорт бойынша арнайы мониторингтік топ іске кірісті
Спорт нысандарын жөндеудің орнына, қымбат көліктер сатып алған.
Ал спортшылардың керек-жарақтары жартылай ғана қанағаттандырылып келген. Бұл мәселе Туризм және спорт министрлігі жанындағы арнайы жұмыс тобында айтылды.
Осыдан бірер ай бұрын ведмоство басшысының бастамасымен сараптамалық топ құрылып, барлық аймақты аралап шыққан болатын.
Спорт мектебі басшыларының біліктілігі тексеріледі
Спорт мектебі басшыларының біліктілігі арнайы талаптарға сай келмейді. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының отырысында айтылды. Сала мамандары еліміздің барлық аймағына арнайы барып, 5 бағыт бойынша сараптама жүргізді. Нәтижесінде, біраз олқылықты анықтады. Мәселен, Түркістан облысында 62 спорт мектебі болса, оның 12-сінде басшысының біліктілігі арнайы талаптарға сай емес. Басқа аймақтарда да осыған ұқсақ жағдайлар кездеседі. Бұған қоса, біраз жерде аға жаттықтырушылар спорт басқармасының келісімінсіз тағайындалған. 1 спортышыны 2 спорттық мекемеге тіркеп, қосымша төлемдер алып жүрген деректер де бар. Бұның барлығы саланың дамуына кәдімгідей нұқсан келіп жатыр дейді жұмыс тобының өкілдері.
Руслан Есеналин, Арнайы жұмыс тобы төрағасының орынбасары:
- Министрдің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы бір айдан аса уақытта барлық аймақты аралап, спорт саласындағы жұмыстарға мониторинг жүргізді. Өздеріңіз байқағандай, біраз олқылық бар. Жергілікті бапкерлермен, мамандармен және салаға жауапты басшылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Енді саладағы проблемаларды кешенді түрде бір жолға қою қажет. Қазір әр пролемаға жеке-жеке үңіліп, осындай отырыстарда кеңінен талқылап, оны шешудің жолдарын қарастырылып жатырмыз.
Спорт нысандарының стандарты қажет
Қазақстанда спорттық нысандардың стандарты жоқ. Нақты талаптар болмағасын, спорт кешендерін әркім әртүрлі салады. Жеме-жемге келгенде олар жарыс өткізуге не жаттығу жасауға қолайсыз болып жатады. Бұл жөнінде жұмыс тобының тағы бір өкілі, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ортақ стандарттар енгізу керек. Бұған қоса, елімізде спорт кешендерінің жетіспеушілігі қатты байқалады. Туризм және спорт министрлігінің әр 1000 адамға 80 шаршы метр жабық спорт кешені болу керек деген бұйрығы бар. Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде Павлодар және Жамбыл облыстарында тәуір. Яғни сәйкесінше, 63 және 64 процентті құрайды. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы және Астана қалаларында. Яғни бұл жерлерде спорт нысандарының жетіспеушілігі кәдімгідей байқалады. Сонымен қатар, сенімгерлік басқаруға беру бастамасы да тиімсіздігін көрсетіп отыр. Яғни олар спорт нысандарының жетіспеушілігін пайдаланып, спорттық мектеп өрендерін тығырыққа тірейді дейді Тастанбек Есентаев.
Тастанбек Есентаев, Арнайы жұмыс тобының өкілі:
- Кей аймақтарда спорттық нысандар басымдық берілген бағыттарға емес, басқа мақсатта қолданылып отырғаны анықталған. Бұл да аймақ спортының дамуын тұралатынын факторлардың бірі. Ал шалғай ауылдар мен аудандарда инрфрақұрылым мәселесі тіптен мүшкіл дейді мамандар.
Қаржы тиімді қолданылып жатыр ма?
Спорттық нысандарын жөндеудің орнына, қымбат көліктер сатып алынған. Ал спортшылардың керек-жарақтары жартылай ғана қанағаттандырылып келген. Өңірлерде спорт саласына бөлінген қаржы осылай оңды-солды жұмсалып жатыр. Бұны да арнайы сараптамалық топ өкілдері анықтады. Бұған қоса, кейбір аймақтар олимпиадалық спорт түрлерін жауып, оның арнына олимпиадалық емес түрлерін ашуға әуес. Бұл жағдай халықаралық жарыстарда оңай жетістікке жетіп, сол арқылы салаға жауаптылардың айлыққа қосымша төлем процентін көбейтуге мүмкіндік береді дейді жұмыс тобының өкілі Айжан Айтқожақызы.
Айжан Айтқожақызы, ҚР ТСМ ОДО бас есепшісі:
- Соңғы 4 жылдағы көрсеткіштерді сараладық. Нәтижесінде, олимпиадалық емес спорттарға көбірек ақша бөлнетіні анықталды. Мысалы, ушу спортына қарастырылған қаржы велоспорт не биатлонға қарағанда 80 процентке көп. Эстетикалық гимнастикаға берілетін ақша, жоғарыдағы велоспорт не биатлонға қарағанда 46 процентке көп. Осылай кете береді. Алдағы күндері әр олқылықты жеке-жеке қарап, оны реттеуге қатысты ұсыныстар дайындалады.
Ұлттық спорттардың жағдайы қалай?
Қазақстанда қағаз жүзінде 46 ипподром бар. Ал халықаралық не республикалық жарыстар өткізуге оның 5-еуі ғана қолданылады. Қалғандары тиісті талаптарға сай емес. Бұндай қорытындыны да спортқа жауапты министрлік жанындағы жұмыс тобы шығарды. Өңір-өңірді аралаған мамандар ұлттық спорттардың деңгейін бағалап, қордаланған мәселелерді көтерді. Жабық спорт кешендерінде өтетін қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты бағыттардың дамуы, салыстырмалы түрде, жақсы. Ал ат спорттарының алға жылжуына біраз кедергі бар. Жалпы ұлттық спорттарды дамыту жүйесіне үлкен өзгеріс қажет дейді Ұлттық жәнек ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Рамазан Қарлығашова.