Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық хоккейшілер Азия чемпионатында топ жады.

Ал алматылық «Қайрат» ішкі біріншіліктің жеңімпазы атанды. Өткен демалыс күндері осындай жаңалықтарға толы болды.

Қазақстан құрамасының тарихи жеңісі

Тарихи жеңіс. Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы атанды. Айта кету керек, құрлықтық дода алғаш рет ұйымдастырылып тұр және ә дегеннен қазақ жігіттері топ жарды. Байрақты бәсенкені Алматы қаласы қабылдаған болатын. Оған 4 елдің командасы жиналды. Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Жапония және Оңтүістік Корея хоккейшілері бірнеше күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде бас жүлдені Қазақтан және Жапония құрамалары өзара сарапқа салды. Шешуші кездесуде Олег Болякин баптайтын жігіттер қарсыластар қақпасына 5 шайба соғып, айқын басымдықпен ұтты. Ұлттық құрама сапынан Евгений Рымарев дубль авторы атанса, Егор Наместников, Владимир Гребенщиков және Евгений Королинский бір-бір голдан соқты. Ал жапон командасынан Таига Ирикура мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 5:1.

Олег Болякин, шайбалы хоккейден ұлттық құраманың бас бапкері:
- Жапония құрамасы осал деуге келмейді. Олардың ойыншылары өте жылдам әрі ширақ қимылдайды. Осыған қарсы өзіндік тактика құрдық. Айта кету керек, ұлттық құрама сапында жас хоккейшілер көр болды. Олар үшін кәсіпқой мансабындағы ағлашқы ірі жарыс деуге болады. Ең бастысы, жігітер жоспарды ойдағыдай орындап, елдің үмітін ақтады.

Алғашқы Азия чемпионаты айналмалы жүйеде өтті. Қазақстан құрамасы бірінші күні Оңтүістік Корея командасынан 4:1 есебімен ұтылды және дәл осы жағдай жанкүйерлердің алаңдатушылығын тудырған еді. Артынша, Қытай құрамасын 6:1, ал Жапония құрамасын 5:1 есебімен жеңіп отыр. Айта кету керек, ұлттық құрама сапында «Барыс» клубында өнер көрсететін ойыншыларымыз жоқ. Яғни, Құрлықтық хоккей лигасында пауза қараластырылмаған. Сәйкесінше, құраманы ішкі біріншілікке қатысып жүрген командалардан жасақтауға тура келді.

Евгений Рымарев, ұлттық құрама мүшесі:
- Алдымызға қойған міндетті орындадық. Есеп айырмасы үлкен болғанымен, кезедесулер өте қиын өтті. Қазір Азия құралығындағы командалар да қарқынын күшейтіп, деңгейін көтерген. Сондықтан, тыңғылықты дайындалып, алаңда барымызды салдық. Қазақстандағы хоккей жанкүйерлерін жеңістерімен құттықтаймын.

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында алматылық команда сырт алаңда «Атырауды» жеңіп, жалпы тізімде топ басындағы орнын сақтап қалды. Ойындағы жалғыз голды 59-шы минутта Георгий Заря соқты. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Дәл осы гол бүкіл чемпионаттың тағдырын шешті деуге болады. Өйткені соңғы турға дейін «Қайрат» пен «Астананың» арасын небәрі бір-ақ ұпай бөліп тұрған. Егер алматылықтар тең ойнап қалған жағдайда елордалық клуб кезекті рет кубок иеленетін мүмкіндікке ие еді. Дегенмен, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері соңғы мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, «Қайратқа» төрт жылдан кейін чемпиондық атақты қайта әкелді. Айта кетейік, «Қайрат» осымен төртінші рет ел чемпионы атанып отыр. Алматылық клуб 1992, 2004 және 2020 жылдары жеңімпаз болды. Биылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша «Астана» – екінші, «Ақтөбе» – үшінші орында. Ал былтыр ел чемпионы болған «Ордабасы» соңғы турларға дейін турнир кестесінің көшін бастап келгенімен, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Балалар футболына жаңашылдық қажет

Балалар футболына да айналмалы жүйе енгізу керек. Танымал спорт маманы Еркебұлан Жомарт болашақ чемпиондар даярлығына ерекше көңіл бөліп, жаңашылық қажеттігін алға тартты. Яғни балалар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты ересектердікі сияқты айналмалы жүйеде болуы қажет. Сол кезде ғана өрендер көбірек матч өткізіп, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Бұған қоса, ішкі біріншілікте нағыз мықтыны анықтауға мүмкіндік болады. Ал қазіргі формат өте қысқа аралықта өтеді. Сәйкесінше, жыл бойы шеберлік шыңдаған балалар қарым-қабілетін толық көрсетіп, әлеуеттерін айтырлықтай аша алмайды дейді Еркебұлан Жомарт.

Қазақ футболындағы мәселелер көтерілді

Қазақстанда футбол клубтарын қаржыландыруға қатысты лимит сақталмайды. Мәселен, әр командаға облыстық бюджеттен бөлінетін ақша 1,2 млрд теңгеден аспасын деген талап бар. Бірақ жергілікті әкімдіктер оны ескергісі келмейді. Мәселен, шымкенттік «Ордабасыға» биыл 5,3 млрд тг қарастылырған. Ал қызылордалық «Қайсар» мен петропавлдық «Қызылжар» 2 млдр теңгеден алды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігі жанынын құрылған жұмыс тобының отырысында айтылды. Дәл осылай бас бапкердің айлығы 1 млн теңгеден, ал футболшылардың айлығы 2 млн теңгеден аспауы қажет деген де талап ескерілмей отыр. Әсіресе, жоғарыда аты аталған командаларда бас бапкерлер 3 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін жалақы алып келген. Тіпті 14 млн алатын жаттықтырушылар анықталды. Дәл солай футболшыларға, әсіресе, шетелден келген футболшыларға асыра төлем жасалған.

Руслан Есеналин, Арнайы жұмыс тобы төрағасының орынбасары:
- Министрдің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, барлық аймақты аралап шыққан болатын. Мониторингтік топ футболға шығынның асыра бөлінетінін анықтады. Салдарынан басқа спорт түрлері зардап шегеді. Яғни әр аймақ басымдық беретін бағыттарды айқындап, қаржыны тиімді қолдануы маңызды. Алдағы күндері жұмыс тобының толық қорытындысы жасалып, арнайы отырыс ұйымдастырылады. Сол жерде өзіміздің ескертпелеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз.