Отандық спортқа үлес қосқандар марапатталды

Қазақстандық дзюдо, грек-рим күресі және бокс федерациялары жылдың үздіктері атанды, деп хабарлайды 24KZ. Ал Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы республика бойынша үздік басқарма аталымына ие болды. Тәуелсіздік мерекесіне орай қазақстандық спортшылар одағы 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Салтанатты іс-шарада спорт саласын қолдап келе жатқан меценаттарға да сый-құрмет көрсетілді.

Мамандардың айтуынша, биыл отандық спортшылар үшін қажетті жағдай жасалды. Мәселен, жаттығу, жарыс кезінде жарақат алған саңлақтарды тегін емдеу қолға алынды. Бұдан бөлек, оларға әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді. «Қазақстандық спортты дамытуда қордаланған мәселе аз емес. Дегенмен түйкілдердің барлығы жаңа заң жобасында ескерілген», – дейді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.

Серік Сәпиев, Лондон Олимпиадасының чемпионы:

- Әрине, кемшіліктер бар. Мысалы, Токио Олимпиадасымен салыстырғанда алтын бар. Осы Елдос абыройын сақтады Қазақстанның. Келесі Олимпиадаға бүгіннен бастап жұмыс жасау керек. Президент айтқандай, «вертикаль власти» деген болған жоқ. Енді тапсырма берді, қазір мемлекеттік органдар орындап жатыр. Енді біз де өз тарапымыздан бар күшімізді саламыз.