Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

4 елдің командалары Астанада бас қосып, 4 күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Бұнда футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның өрендері қатысты. Бас-аяғы 16 команда алдымен топтық кезеңде, одан кейін плей-офф және финалдық кезеңдерде бас жүлдені сарапқа салды. Халықаралық турнир 10-11 жастағы балалар арасында болды. Дәл осы жас деңгейінің таңдалуы да бекер емес дейді жарысты ұйымдастырушы Еркебұлан Жомарт. Оның айтуынша, бұл  балалар футболынан жасөспірімдер футболына ауысатын шақ. Сәйкесінше, шеберлік шыңдап, тәжірибе жинауына көбірек мүмкіндік жасау қажет. Сонымен, Астанада өткен аладоп аламанының нәтижесінде жергілікті «Жеңіс» командасы топ жарды. Олар финалда қырғыз елінен келген «Мурас» командасын жеңді. Ал, үздік үштікті «Астана» клубының шәкіртері түйіндеді.

Еркебұлан Жомарт, №8 спорт мектебінің директоры:

- Жарыс қорытындысы бойынша ерекше қабілетімен көзге түскен балаларды арнайы сыйлықтармен марпаттады. Атап айтқанда, “Үздік ойыншы” атағы “Звезда Пермь” командасындағы Данил Ощепковқа,  “Үздік шабуылшы”  атағы «Мурас Юнайтед» ойыншысы Чынторо Асановқа, ал,  “Үздік қорғаушы» атағы “Бунедкор Ташкент” командасындағы  Акобир Мухаммадиевке берілді.  Айта кету керек, осындай деңгейдегі жарыс Астанада екінші рет өткізіліп тұр. Алғашқысы наурыз айында болған еді. Енді қазақстандық мамиандар оны дәстүрлі ұйымадстырып, алдағы жылы да елорда төрінде балалар арасында 2 бірдей халықаралық турнир жасауды жоспарлап отыр.

Жапонияда жаттыу жиынын өткізді                   

Дзюдошыларымыз Жапонияда жаттықты. Ұлттық құрама өкілдері жылдың соңғы жаттығу жиынын Токио қаласында өткізді. Кодокан институтындағы дайындыққа 37 спортшымыз қатысты. «Қазақстандық қыз-жігіттер шетелдік спортшылармен бірлескен жаттығуда тәжірибе алмаса отырып, қатемен жұмыс істеді. Бұл жаттығу жиыны жаттықтырушылар үшін де тәжірибе алмасып, біліктілікті шыңдауға керемет мүмкіндік. 2024 жылдың соңғы жарысы аяқталғанымен, жаттығулар әлі аяқталған жоқ. Біз үшін маусым әлі жалғасуда», - деді Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры  Айбек Имашев. Айта кетейік, 7-8 желтоқсан күндері ұлттық құрама спортшылары Токио Гранд Слэмінде белдескен болатын. Алайда 11 дзюдошының арасында тек 90 келіге дейінгілер арасында Максим Мейірлан ғана қола үшін күресіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Қалғандары түгел жеңілді.

Бокстан қазақстан чемпионаты басталды 

Еліміздің ең үздік боксшылары Қарағандыға жиналып жатыр. Бұнда бокстан жылдың қорытынды жарысы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекені Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы қабылдайды. Бүгін жарыстың ресми алғашқы күні. Яғни, арнайы комиссияның отырысы және жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылады. Ал, ертең негізгі бәсекелер басталады.  Айта кету керек, биылғы ішкі біріншілік өте тарысты болғалы тұр. Өйткені, жастар арасынан қосылатын қыз-жігіттер бар. Бұған қоса, кәсіпқой бокстан оралған жерлестеріміз де осы жарыста бақ сынап көрмек. Іріктеу кезеңдері алдағы сенбіге дейін жалғасады. Одан кейін ширек финал, жартылай финал және финал кездесулері күтіп тұр. Аталмыш жарыста отандық маманармен қатар шетелдік төрешілер де қызмет етеді. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға әзірлікке кіріседі.