ҚХЛ: «Барыстың» сенсациялық жеңісі
Сенсациялық жеңіс. Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыстың» жетістігіне осындай баға беріліп жатыр. Астаналық клуб бұл жолы сырт алаңда мәскеулік «Динамомен» кездескен болатын.
Матч барысында «Барыс» сапындағы Антон Бурдасов екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Яғни, алдымен 21-ші минутта есеп ашса, артынша 60-шы минутта бос қақпаға шайба соқты. Қорытынды нәтиже 2:0. Осылайша «Барыс» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Яғни, бұған дейін Ғалым Мәмбеталиев баптайтын жігіттер қатарынан 8 рет жеңілген болатын. «Барыстың» бұл жолығы жеңісі турнир тізіміндегі орнына айтырлықтай әсер ете қойған жоқ. Қазақстандық команда 37 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, Шығыс Конференциясының 11-ші сатысында тұр. «Барыс» енді келесі кездесуін ертең өткізеді. Тағы да сырт алаңда Бейжің қаласының «Кунлунь» клубымен жолығады. Еске сала кетейік, соңғы кезде астаналық клубта үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы тапжылмай отырған бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне жоғарыда айтқан Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр
Қазақстан-Армения матчына дайындық
Жеңіс жолын жалғастыру қажет. Бүгін футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Армения құрамалары кездеседі. Матч Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады. Айта кетейік, Рикардо Кака баптайтын жігіттер іріктеу кезеңінінің алғашқы ойынында Албания командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Енді Алматыда жергілікті жанкүйерлердің алдында жеңіс жолын жалғастырамыз қажет деген мақсат қойып отыр. Өкініштісі, бұл кездесуге жарақатында байланысты Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов және Азат Валлиулин қатыспайды. Қалған жігіттер дайындықы жүргізуде. Олар іріктеу кезеңі алдындағы жаттығуды Астанада пысықтаған болатын және оның барысында мынадай пікірлерімен бөлісті.
Рикардо Кака, Ұлттық құраманың бас бапкері:
- Қалай да жеңіске жетуіміз керек. Әлем чемпионатынан кейін дайындыққа уақыт тығыздау болды. Десе де бұл командадағы жағдайға еш әсер еткен жоқ. Керісінше, ұлттық құраманың өкілдері қайтадан бас қосқанымызға қуанып, жақсы дайындалып жатыр. Иә, жарақытына байланысты алаңға шыға алмайтын ойыншылар бар. Бірақ, басқа жігіттер олардың жоқтығын білдірмейді деген үміттеміз.
Қазақ балалары әлем чемпионатында топ жарды.
- Қоржынымызда 10 медаль. Оның 2-еуі алтын. Қазақстанның жас шахматшылары әлем чемпионатынан осындай олжамен оралды. Рапид және блиц бойынша жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Словенияның Терме Чатеж қаласында өткен болатын. Оған 36 елдің 320-ға жуық қатысушы жиналды. Араларында 16 Қазақстанның өкілі бар. Жарыс қорытындысы бойынша, қыздар арасында Елназ Қалиахмет пен ұлдар арасында Даниял Сәпенов ең жоғары ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Бұған қоса, Әсия Асылхан, Дениза Құрманалина, Әмина Қайырбекова және Мирас Асылов сияқты спортшыларымыз алдыңғы үштіктен табылып, жеңіс тұғырына көтерілді. « Биыл жетістікке толы жыл болды. Бізде медаль саны рекордтық деңгейге жетті және оның көпшілігін жас балалар жеңіп алды. Бұл үлкен спорттық сапардың басы ғана екеніне кәміл сенемін», - деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.