Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды
Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Қарағанды қаласында бокстан жылдың қорытынды жарысы Қазақстан чемпионаты басталды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден аса қатысушы жиналды. Әсіресе көпшілік жастар арасынан ересектер арасына енді ауысқан әлем чемпоны, азия чемпионы, әлі бірде бір жеңіліп көрмеген Төрехан Сабырханның жекпе-жегін тағатсыздана күтті. Ол қазір Түркістан облысы атынан шығып жатыр және алғашқы айналымда ақмолалық Айбек Төлегеновты жеңді. Дәл осылай жарыстың бірінші күні 67 келідегі тағы бір фаворит жамбылдық Илья Калинин, 71 келідегі қарағандылық Сабыржан Аққалықов, 75 келідегі түркістандық Аман Қонысбеков және 60 келідегі жергілікті Талғат Сырымбетовтар қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Қазақстан чемпионаты ерлер және әйелдер арасында болады. Іріктеу кезеңдері алдағы сенбіге дейін жалғасады. Одан кейін ширек финал, жартылай финал және финал кездесулері күтіп тұр. Аталмыш жарыста отандық төрешілермен қатар шетелдік төрешілер де қызмет етеді. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға әзірлікке кіріседі.
Қазақстан мен Армения тең түсті.
Қазақстан мен Армения тең түсті. Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі жалғасып жатыр және оның аясында ұлттық құрамамыз кезекті кзедесуін өткізді. Нақтырақ айтқанда, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамамын қабылдаған болатын. Рикардо Кака баптайтын жігіттер айқын фаворит болғанымен, жеңіске жете алмады. Матч барысында Қазақстан сапынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиулин және Дуглас Джуниор мергендігімен көзге түсті. Дуглас дубльдің авторы атанды. Ал, Армерия аяқдопшылары қарымта 4 гол соғып, тоблодағы нәтижені теңестірді. Қорытынды есеп 4:4. Осылайша 2 мачтан кейін Қазақстан мен Армения 4 ұпайдан жинап, өз тобының бірінші және екінші сатыларына жайғасты. Бұған қоса, бұл топта Албания мен Дания бар. Албания 3 ұпаймен 3-ші сатыда тұр. Ал, Данияда әзірге ұпай жоқ. Айта кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионатына әр топтың жеңімпазы ғана жолдама алады.
Е-SPORT платформасы іске қосылады.
Е-SPORT платформасы іске қосылады. Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық бағдарламасы 3 бағытты қамтиды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Айта кетейік, Е-sport цифрлық платформасын жасау негізі 2020 жылы қолға алынған. Бірақ, өкінішке орай, белгісіз себептермен бастама аяқсыз қалды. Нәтижесінде министрлік Қазақстандағы спорттың жай-күйі туралы толық деректерді біле алмай отыр. Жарыс жүлдегерлерінің, спорт ғимараттарының, секциялар мен жаттықтырушылардың бірыңғай есебін жүргізу қиын. Цифрландырудың болмауы жалған спорттық атақтар беруге де ықпал етеді. Бұған қоса, ішкі іріктеудің ашықтығына қатысты сұрақты көбейтеді. Аталған факторлардың салдары оқу-жаттығу жиындары шығындары мен спорт объектілерін жалға алудың жалғандығымен, легионерлерге еңбекақыны асыра бағалаумен және қосарланған қаржыландырумен ұштасқан бюджет қаражатының бақылаусыз игерілуіне алып келеді.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электрондық күнтізбесі және объектілердің тізімі.