Шаңғышы Анастасия Городко универсиадада екінші алтынды жеңіп алды

Анастасия екінші алтынды жеңіп алды.

Италияның Турин қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні де қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті. Әсіресе параллель могулда Анастасия Городко өз мүмкіндігін керемет пайданалып, кезекті рет ең үздік нәтижені тіркеді. Сәйкесінше қысқы универсиаданың 2 дүркін чемпионы атанды. Ол бір күн бұрын фристайл-могулда да топ жарған болатын. Бұған қоса, тағы бір қазақстандық Аяулым Әміренова күміс жүлде жеңіп алды. Яғни жеңіс тұғырына қос бірдей қазақстандық қыз көтерілді. Ал, ерлер арасындағы бәсекеде отандасымыз Антон Бондарев жеңіс жолын жалғады. Ол да өте жақсы өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Осылайша фристайл бойынша ұлттық құрама өкілдері қоржынымызға 4 бірдей медаль салып тұр. Оның 2-еуі алтын.

Жалпы есепте екінші орындамыз. Италияның Турин қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік доданың алғашқы жарыс күндері артта қалды. Нәтижесінде, ұлттық құрама спортшылары 6 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі, жоғарыда айтқандай, фрайстайл өкілдеріне тиесілі. Одан бөлек, парашаңғыдан 10 шақырымдық бәсекеде қазақстандық Денис Зинов күміс,  Роман Құрбанов  қола жүлде жеңіп алды. Сонымен, 2 алтын, 3 күміс және 1 қорла медальмен жалпы есепте екінші тұрмыз. Топ басында 4 алтын жеңіп алған Франция құрамасы. Үздік үштікті әзірге Финляндия құрамасы түйіндейді.  Қазақстандық спортшылар көрсеткішті әлі де жақсарта алады. Турин қаласындағы байрақты бәсеке 24-ші қаңтарға дейін жалғасады.

Есбол Сұлтанов ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды

Есбол Сұлтанов ұлттық құраманы жаттықтырады. Бірер жыл бұрын шетелге кетіп, Париж олимипиадасында Тунис құрамасына тарихи алтын алып берген қазақ маманы енді өзіміздің қыз-жігіттерді дайындайды.  Есбол Сұлтанов ресси түрде таэкфондодан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайыналды. Айта кетейік, соңғы кезде отандық таэквондода үлкен өзгерістер болып жатыр. Париж олимпиадасынан кейін ұзақ жылдар бойы тапжылмай отырған басшысы Вячеслав Ким өз еркімен отставакаға кетті. Оның орнына Құдірет Игнатұлы келді. Алғаш рет Қазақстан чемпионатына шетелдік төрешілер шақыртылып, жарыс ашық әрі әділ өтті. Бұған қоса, алғаш рет бас бапкерге іріктеу жарияланды. Яғни бұрынғыдай басшы қалаған адамды тағайынған жоқ. Арнайы байқау ұйымдастырылды. Оған 8 үміткер қатысты. Араларынан осы Есбол Сұлтановтың кандитатурасы лайықты деп танылды. Енді ол алдағы олимпиадалық циклда, яғни, 2028 жылға дейін ұлттық құраманың тізгінін ұстайды.