Атырау облысында бес ауылда спорт нысаны салынады

Атырау облысында кейінгі 5 жылда 16 спорт нысаны бой көтерді.

Оның басым бөлігі ауылдарда салынды. Есбол елді мекенінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екі жыл бұрын пайдалануға берілді. Қазір мұнда 350 бала спортқа ден қойған. Оларды 15 кәсіби маман жаттықтырады. Жыл соңына дейін 5 ауылдық округ тұрғындарына жаңа спорт нысандарын салып беру көзделіп отыр.

Айбол Масалиев, Есбол ауылдық спорт мектебі директорының орынбасары:

- Олимипиадалық спорт түрінен: үстел теннисі, гандбол, еркін күрес және дзю-до бар. Және ұлттық спорт түрлерін де дамытып жатырмыз. Олар: тоғызқұмалақ спорт бөлімі. Біздің мақсатымыз ауданда, елдімекендерде бұқаралық спортты дамыту. Ауылымызда жазғы спартакиадалар өтеді, спортың 6 түрінен. Жылма-жыл өтетін дәстүрлі турнирлеріміз бар.