Футбол: ұлттық құраманың бас бапкері С.Черчесов қызметінен кетті
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды 24kz.
Еңбек шарты екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Маман жаттықтырушы болып елге өткен жылдың маусым айында келген. Сол аралықта ұлттық құрама ойыншылары УЕФА ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ғана ұпай жинады.