Б. Артаев: Олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріледі
Қазақстандық конькишілер Әлем кубогінде жүлдеге ілікті.
Канаданың Калгари қаласында әйелдер арасындағы командалық спринтте ұлттық құрама өкілдері үздік үштікті түйіндеп, қола медаль жеңіп алды. Ел намысын Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова қорғады.
Олимпиадалық спорттарға басымдық берілуі керек. Қазір аймақтарда қаржының үлкен бөлігі олимпиадалық емес бағыттарға жұмсалып жатыр. Мәселен, Қызылорда облысында спортқа қарастырылған қаржының 20 пайызы олимпиадалық, ал 80 пайызы олимпиадалық емес түрлеріне бөлінеді. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді. Қызметке жуырда ғана келген ол жергілікті жастармен, оның ішінде, спортпен шұғылданатын жастармен кездесіп, қолға алып жатқан бастамаларымен таныстырды. Оның ішінде енді олимпиадалық бағыттарға ерекше екпін жасайтынын алға тартты. Яғни бірте-бірте жоғарыдағы көрсеткіштердің орны ауысады. Айта кетейік, қазір Парламент қабырғасында да арнайы заң жобасы дайындалып жатыр. Оған сәйкес, мемлекеттен қаржыландырылатын 184 спорт түрі 3 есе қысқарады. Қаржының негізгі бөлігі, сәйкесінше, олимпиалық бағыттарды дамытуға қарастырылады.
Бақтияр Артаев, Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:
Боксшыларымыз Испаниядағы жарысқа аттанды
Боксшыларымыз Испанияға аттанды. Испанияның Аликанте қаласында алдағы аптада халықаралық турнир өтеді. Қазақстандық қыз-жігіттер соған қатысуды жоспарлап отыр. Бұл ұлттық құрама өкілдері үшін 2025 жылдағы алғашқы ресми жарыс саналады. Байрақты бәсекенің өзі 3 және 9 ақпан аралығында болады. Оған дейін спортшыларымыз сол жердегі бірлескен жаттығу жиынына барып, шеберліктерін шыңдайды. Сонымен, Кәрі Құрлықтағы додадаға 30 боксшымыз аттанды. Оның ішінде Дулат Бекбауов, Диас Молжігітов, Бейбарыс Жексен,Темірлан Мұқатаев және Аман Қонысбеков сияқты әр салмақтың мықтылары бар. Әйелдер арасынан Роксана Гасымова, Гүлжайна Убиниязова, Бақыт Сейдіш және Диана Мағауияева бақтарын сынап көреді. Айта кетейік, осының алдында жігіттер Түркістан облысында, ал қыздар Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп, дайындықты пысқытаған болатын.
Семейде баскетболдан оқушылар лигасы басталды
Семейде баскетболдан оқушылар лигасы басталды. Бұл сынға алыс-жақын ауылдардан және үлкен қалалардан 100-ден аса команда қатысып жатыр. Дәл қазір балалар баскетболына ерекше мән беру керек. Өйткені соңғы уақыттары отандық баскетбол әбден тығырыққа тірелді. ВТБ лигасында өнер көрсететін «Астана» командасы қатыран 27 мәрте жеңіліп, масқара болып жатыр. Ұлттық құраманың да көрсеткіштерің мәз емес. Сондықтан, жас өрендерге жол ашатын осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып тұрғаны жөн дейді мамандар. Әзірге оқушылар лигасының іріктеу кезеңі ғана өтіп жатыр. Алғашқы екі турдан кейін қай команданың жеңіске жетерін дөп басып айту қиын. Деңгейі шамалас командалар көп. Сондықтан тартысты ойындар әлі алда.