Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстан ерлер құрамасы елордада өткен «Дэвис кубогында» Пәкістан командасын мерзімінен бұрын жеңді. Александр Шевченко мен Тимофей Скатов қарсылас жұптан 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Соның нәтижесінде өткен жылғы додада даниялық теннисшілерге есе жіберген Юрий Щукиннің шәкірттері бірінші әлемдік топқа қайта оралды. Ал Денис Евсеев екі сетте де 6:0 есебімен ұтып, қарсыласын шаң қаптырды.

Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде бұған дейін Александр Шевченко Музаммиль Муртазаны жеңген болатын. Екінші кездесуде Бейбіт Жұқаевтың ұпай сандары Хузаифа Абдул Рехманнан асып түсті.