Атырау облысында 19 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды

Елімізге 2022 жылдың қыркүйек айының 1-іне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдау биылғы жылдың маусым айында аяқталғаны белгілі.

Атырау облысында 19 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды. Дегенмен, әлі де темір тұлпарын тіркемеген азаматтар бар.  Қазір өңірлік полиция департаменті заңсыз жүрген көліктерді жаппай тексере бастады.

Жедел басқару орталығының залы 

Атыраудағы жедел басқару орталығының инеспекторлары қарбалас жұмыс үстінде.  Олар қалаға қойылған 1500 нан астам бейне-бақылау камерасын бақылап,  кезекшіліктегі  экипаждарға бағыт-бағдар беріп отырады. 

Майра Ізбасарова, қалалық жедел басқару орталығының инспекторы:

- Күндізгі мезгілде 15 экипаж бар. Қала аумағында интерсептор базасы бар, қорғау жүйесі бар. Шетел автокөліктері мәселесі қазірге таңда қозғалатын үлкен мәселе. Үлкен-үлкен айыппұлдары бар, олар автокөліктерін заңдастырмайды. Сол себепті айыппұлдары шығып тұрады. Сақтандыру полисі жоқ. Егер де сақтандыру полисі жоқ болса, арнайы тұраққа қойылады. 

Осыған байланысты тәртіп сақшылары қала көшелерінде шетелдік нөмірі бар автокөліктерді жүйелі түрде тексере бастады. Пәрменді шара нәтижесінде тәулігіне 10-15 автокөлік анықталып рәсімделуде. 

Жеңіс Дәулетов, қалалық ПБ Бөлім басшысы:

- Азаматтардың 30 маусымға дейін берген өтініштерін қазіргі таңда рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге ескертеріміз кімде-кім 30 маусымға дейін өтініштерін берді, солар жылдың аяқталуына 11 күн қалуына байланысты барлығын рәсімдеуге щақырамын. 

Желтоқсан айының 1-іне дейінгі дерек бойынша Атырау облысында 19 мыңнан астам автокөлік рәсімделген. Сондай-ақ 1750 автокөлік 5 жылға уақытша нөмір алыпты. Рәсімдеу жұмысы осы жылдың аяғында толық мәреге жетуі тіис.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Амантай Мәтенов