Дархан дала. Лисаковск қаласы

Қала тарихы Лисаковск темір кен орны ашылған 1949 жылдан басталады. Бүгінде мұнда 40 мыңнан астам халық тұрады. Тұрғындары еңбекқор өңір барлық салада белсенді дамып келеді. Сөзімізге дәлел 16 жылдан бері нарықта жиһаз шығарып келе жатқан цех. 18 адам жұмыс істейтін ол 50-ден аса өнім шығарады. Өндіріс ошақтарымен қатар қала да көркейіп келеді. Бірнеше жыл бұрын шағын қалаларды абаттандыру бағдарламасы бойынша тартылған инвестициялар есебінен мұндағы орталық саябақ өзгерді. Онда балаларға арналған ойын алаңдары мен қала өмірінен хабар тарататын радио да бар. ТОлығырақ осы шығарылымда.