Алматының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.

Өткен түнде тауға қалың қар жауды. Бұл мезгілде көшкін жүру қаупі артады. Әсіресе Талғар тауларында, Түрген шатқалында, Есік көлінде көшкін жиі болады. Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 қауіпті  аймақ бар. «Қазселденқорғау» мекемесі мен төтенше жағдай қызметі бірлесіп 39 учаскеге тексеріс жасады. Былтыр бұл аймақта 44 рет қар көшкіні болды. Қазір Асы жайлауы мен «Түрген-Батан» күре жолдары жабық. Мамандар тау бөктеріне демылсқа барушыларға қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керектігін қатаң ескертеді.

Дәурен Азаматов, облыстық ТЖД басқармасының  бастығы:

«Қазіргі кезде сол 27 су тасқыны қаупі бар учаскесінің жетеуі толықтай жойылды. Қазіргі кезде 20 су тасқыны қаупі бар учаске бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының тұрғындарына біздің қызметкерлер берген әртүрлі ұсыныстарына, хабарламаларына мұқият болуларын сұраймыз».