«Хабар» арнасында «Штрихи к портрету. Откровение» фильмінің көрсетілімі өтті

«Хабар» арнасында «Штрихи к портрету. Откровение» фильмінің көрсетілімі өтті

«Хабар» телеарнасының эфирінде «Штрихи к портрету. Откровение» фильмінің көрсетілімі өтті.

Бірнеше деректі фильмнен тұратын жобаның бесінші бөлімі Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен журналист Айгүл Әділова және Елбасының баспасөз қызметінің бірлескен жұмысының арқасында жарыққа шықты. Фильмнің жаңа бөлімінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті БАҚ-та жарияланбаған тың ақпаратпен бөлісті.

Бұған дейін сұхбаттың тизері жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Штрихи к портрету» көпсериялы деректі фильмі Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Кинотуынды Тұңғыш Президенттің көрерменге белгісіз болған жаңа қырларын ашып көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Елбасы немересі Айсұлтан Назарбаев туралы айтқан болатын. Сондай-ақ оппозиция туралы да пікірін білдірді. Бұдан бөлек сатқындыққа көзқарасын да тілге тиек еткен.