Мамандар: Қазақстанда наурызда COVID-19 жұқтырудың шарықтау шегі тіркеледі

Мамандар наурыз айында індет жұқтырудың шарықтау шегі болатынын болжап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезде күнделікті тіркелетін науқастар саны 3000-нан 9000-ға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан Қазақстандағы эпидахуал тұрақты деуге келмейді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Ол жағдайды ушықтырмау үшін карантиндік шектеулерді күшейту қажеттігін ескертті. Әсіресе «сары» аймақтағы өңірлер індетпен күрес жоспарын тағы пысықтауы қажет. Бұл тізімде Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары бар. Ал «қызыл» аймаққа енген өңірлер алтау. Бұл Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.