«Мың алғыс саған, ұлы далам!» атты халықаралық онлайн конференция өтті

Қазақ халқы тоталитарлық режимнің құрбанына айналып, Қазақстанға жер аударылған барлық этнос өкілдеріне қол ұшын созып, барымен бөліскен.

Бүгін «Мың алғыс саған, ұлы далам!» атты халықаралық онлайн конференция барысында түрлі ұлт өкілдері көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді. Басқосуға халықаралық мамандар мен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті этномәдени орталық өкілдері қатысты. Шетелдік қонақтар онлайн байланыс арқылы еліміздің ұлтаралық қатынасты нығайтуға қосқан сүбелі үлесін жоғары бағалады. Конференция қорытындысы бойынша бүкіл республика үшін алғыс айту челленджі жарияланды.

Сәуле Мамытова, С.Торайғыров атындағы ПМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

- Көп ұлтты мемлекет болғандықтан, әртүрлі этностардың тағдыры болды. Көбісінде түрлі этностар өз қалауымен келген жоқ. Олар тек қана материалдық емес, моральдық рухани жағынан әсер еткен. Себебі бастарына халық жауы атағы берілген. Қазақ халқы жау дегенімен, бәрімен бөлісті.

Бақытжан Темірболат, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директоры:

- Бұл челлендж арқылы біз халықтың алғыс айтуы күніне деген қызығушылықты арттырғымыз келеді. Осы мерекеде тек түрлі ұлт өкілдері ғана емес, барлық азаматтарымыз бір-біріне ризашылығын білдіру керек деп есептейміз. Балалар ата-анасына, оқушылар ұстаздарына, әріптестер де өзара алғыс айтса, бұл мейрам қоғам арасында кеңінен атап өтілетініне сенім мол.