2025 жылы төрт жолақты Атырау-Доссор автожолы салынады

2025 жылы төрт жолақты Атырау-Доссор автожолы салынады

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев батыс өңірде автожолдар салуға қатысты өткен қоғамдық талқылау барысында мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр Қарабатанға дейінгі учаскені қамтитын ұзындығы 86 шақырымдық Атырау-Доссор жолына түсетін жүктеменің көп екенін ескеріп, тиісінше кеңейтуді талап ететініне тоқталды.