ҰҚШҰ бітімгерлерін шақыру мәжбүрлі шара болды – Саясаттанушы

Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының ұжымдық күштерін елге шақыру мәжбүрлі амал. Өйткені жағдай ушығып кетті. Қайталап айтайық, олар негізінен мемлекеттік, стратегиялық және әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Радикал топтарға қарсы күресті өз әскеріміз жүргізеді. Сондықтан бұл шешімге түсіністікпен қарау қажет. Саясаттанушы Расул Жұмалы осындай пікірде. 

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

- Бұған қатысты қоғамда түрлі пікірлер бар. Өзіміздің күштік құрылымдар жетпеді ма деген. Бірақ бәлкім жағдай тым шиеленіскен, тым күрделі, тым ауыр болғанның көрінісі шығар. Бұл мәжбүрлі қадам. Нақты қысқа мерзімге енгізілген жаңағы ұжымдық кеңестік күштері. Қазір жағдай реттелгенде олар елден қайта шығарылады. Елдегі мүшкіл жағдайды қалыпқа келтіруге өзінің септігін тигізетін болса, түрлі көзқарастарға қарамай менің ойымша бұл мәжбүрлі қадамға түсіністікпен қарау керек сияқты.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?