Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты өтпейді

УЕФА коронавирус пандемиясына байланысты футзалдан 19 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Prosports.kz.

Атқарушы комитет қазіргі шектеу шаралары себебінен биыл аталған турнирлерді өткізу қиын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Атқарушы комитеті «Сегіздік финалды» Минскіден Загребке ауыстыру туралы шешім қабылдады.