Серік Сәпиев қызметінен босатылды

Серік Сәпиев қызметінен босатылды
Vesti.kz

Ол еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш комитет өкілдері бұл ақпаратты растады. Алайда Серік Сәпиевтің бұл қызметтен не себепті алынғаны әлі белгісіз. Ведомство кадрлық өзгерістерге қатысты толық деректерді жариялаған жоқ.