Елордада БАҚ өкілдері сенбілікке шықты

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де елорданың тазалығына бір кісідей атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

"Хабар" агенттігінің ұжымы біраз аумақты қоқыстан тазартып, жағалай ағаш екті. Қоршаған ортаның күтімі үшін әркез жанашыр тілшілер қауымы дәстүрлі іс-шара бұдан кейін де жалғасатынына сенеді.

Данияр Меңілбеков, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

- Бүгін, міне, "Хабар" агенттігінің үлкен ұжымы жалпы қалалық сенбілікке қатысып, айналаны тазартуға, табиғатты аялауға өз үлесін қосып жатыр. Бұл әр адамның қоршаған ортасына, айналасына, қоғамға деген өзінің үлесін қосу, сол ортаға өзінің қатысы бар екенін сезінетін және соны іс көрсететін іс-шара деп білеміз.