«Хабар» Агенттігі Ұлттық ғылым академиясымен меморандумға отырды
«Хабар» Агенттігі мен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы меморандумға отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құжат аясында еліміздің жетекші медиахолдингі отандық ғылымға ақпараттық қолдау көрсетіп, осы салаға қатысты бірқатар тележобаларды әзірлейтін болады. Яғни, қазақстандық ғылымның дамуы мен жаңалықтарын айтып, ғалымдардың жеткен жетістіктерін көрсетеді. Алдағы уақытта арна эфирлерінде жасөсіпірімдер атақты ғалымдармен бірге тәжірибе жасап, саланың қыр-сырын меңгеру сынды жобаларға қатысулары да мүмкін. Бұл жұмыстың барлығы отандық ғылымды дәріптеуге бағытталып отыр.
Күнсұлу Закарья, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті:
- Берік Уәли мырзамен, оның қасындағы қызметкерлермен, бәрімен ұзақ ақылдасып, кеңесіп, белгілі бір меморандумға қол қойып жатырмыз. Ол меморандумның ішінде біздің қазақстандық ғылымды әрі қарай таныту халыққа. Зияткерлік қоғамды орнату. Біздің жас ғалымдарға жол беріп, жол ашу. Олардың жетістіктерін халыққа көрсету және ең негізгі балаларды ғылымға тарту.